KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Елімізде біртұтас уақыт белдеуі құрылады

Фото: kursiv.kz

19.01.2024, 12:11 135 ALTAINEWS

"Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.

 

Биыл 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Яғни, еліміздің бүкіл аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

"Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, "Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек".

 

Айта кетсек, Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.  Елімізде бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив