Уақыт белдеуі ауысса, әуе рейстерінің уақыты өзгере ме?
freepik.com
ҚР Көлік министрлігінде Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуін қолдану бойынша кеңес өтті.
Оған Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, «Қазаэронавигация» РМК, отанды қәуежайлар, «Эйр Астана», FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Turkish Airlines, FlyDubai әуе компаниялары және елімізге келетін әрі елімізден шығатын тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын басқа да шетелдік тасымалдаушылардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуі қолданылатын болады. Осылайша, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа шегеріледі (Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ., Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстары).