KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность Штиль
511 602.72 6.49

Наурыздан бастап 9 шекара пунктінің жұмыс уақыты өзгереді

Фото: ҚР ҰҚК

29.02.2024, 17:37 587 Анель Слямғазықызы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлемдеді.

 

Ресей Федерациясымен:

«Найза», Павлодар облысы;

«Қоянбай», Абай облысы;

«Байтанат», Абай облысы;

 

Қытай Халық Республикасымен:

«Нұр Жолы», Жетісу облысы;

«Достық», Жетісу облысы;

«Қолжат», Алматы облысы;

«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы;

«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы.

 

Қырғыз Республикасымен:

«Кеген», Алматы облысы.

 

 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07:00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

 

Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу