Сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді
Соңғы деректер бойынша дауыс берушілер көрсеткіші 68 пайызға таяды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Сағат 18.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,85 % бюллетень алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 78,88 %
- Ақмола облысы бойынша – 75,82 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 71,23 %
- Алматы облысы бойынша – 70,92 %
- Атырау облысы бойынша – 67,88 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%
- Жамбыл облысы бойынша – 77,27 %
- Жетісу облысы бойынша – 77,08 %
- Қарағанды облысы бойынша – 77,80%
- Қостанай облысы бойынша – 77,56 %
- Қызылорда облысы бойынша – 77,20 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 64,57 %
- Павлодар облысы бойынша – 77,12 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46 %
- Түркістан облысы бойынша – 80,25 %
- Ұлытау облысы бойынша 74,45%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81 %
- Астана қаласы бойынша – 48,01 %
- Алматы қаласы бойынша – 27,93 %
- Шымкент қаласы бойынша – 59,56 %
Келесі жедел ақпарат сағат 20.05-те берілетін болады.
Оқи отырыңыз