Республика азаматтарының 51,16 % дауыс беріп үлгерді
![](/kz/uploads/posts/2022-11/af9qzh9nno00ck6qvqjkboujgrylulsn14plyjec.webp)
Түске дейінгі уақытта қазақстандықтардың 51 пайызынан астамы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 % бюллетень алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 69,32 %
- Ақмола облысы бойынша – 51,04 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 53,21 %
- Алматы облысы бойынша – 40,85 %
- Атырау облысы бойынша – 52,56 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85 %
- Жамбыл облысы бойынша – 52,74%
- Жетісу облысы бойынша – 52,17 %
- Қарағанды облысы бойынша – 53,75 %
- Қостанай облысы бойынша – 53,15 %
- Қызылорда облысы бойынша – 59,18 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,40 %
- Павлодар облысы бойынша – 52,55 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10 %
- Түркістан облысы бойынша – 76,61 %
- Ұлытау облысы бойынша 68,32 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99 %
- Астана қаласы бойынша – 39,79 %
- Алматы қаласы бойынша – 24,17 %
- Шымкент қаласы бойынша – 51,69 %
Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.
Оқи отырыңыз