KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер жәрдемақы алады

14.03.2024, 12:22 122 Айжанат Бақытқызы

Биылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қолдау шарасы Мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асқанын айтты.

Ел бойынша 37 мың адам арнаулы жәрдемақы алмақ.

«Жәрдемақының негізгі мөлшері 4 көзден төленеді. Біріншісі, мемлекет бюджеті. Екіншісі, жұмыс берушінің тарапынан бір айлық күнкөріс деңгейінде және сақтандыру қорынан, бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді. Төлемдердің мөлшері орташа есеппен - 208 мың теңге»,- деп түсіндірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив