Омарта шаруашылығына биыл 713,6 млн теңге субсидия көзделген
Фото: Naryk.kz
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «Бал ара шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен жиында депутат Ислам Сұңқар омарта шаруашылығы саласында қордаланып қалған бірқатар мәселені атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың айтуынша, 2023 жылы республика бойынша асыл тұқымды бал аралары ұясының саны 66,8 мыңды құрап, бал экспорты 222,7 тоннаға жеткен.
Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында асыл тұқымды бал аралары көп таралған. Біздің елімізден Өзбекстан, Қытай, Иордания және Сауд Арабиясына бал экспортталады.