Жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
2026 жылғы 5 қаңтар күні сағат 19:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты, яғни, қалың қар мен көктайғақ салдарынан тіркемесі және жартылай тіркемесі бар автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Шектеу келесі республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қолданылады:
KZ16-02 «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы, 15–105 шақырым аралығы (Белoусовка кенті – Риддер қаласы).
Жол қозғалысын қайта ашу 2026 жылғы 6 қаңтар күні сағат 06:00-ге жоспарланып отыр.
Жол пайдаланушыларынан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында жол жағдайы туралы ақпаратты алдын ала нақтылау сұралады.