Аутизмге қатысты кеңес алуға болады - Өскемен
Өскемендегі №2 емханада бүгін аутизм проблемалары туралы ақпараттандырудың Халықаралық күніне орай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 2 сәуірді Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні деп жариялады. Содан бері бұл күн әлемде аутисттердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа адамдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету және ынталандыру мақсатында атап өтіліп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта облыста аутизм спектрі бұзылған 210 бала, атипті аутизмі бар 340-қа жуық бала және Аспергер синдромы бар үш бала тұрады.