Балалар аутизмі: ШҚО-да бейінді мамандардың жұмысы жүйеленді
ДДҰ мәліметтері бойынша бүгінде, шамамен, жүз баланың біреуінде аутизм спектрінің бұзылу (АСБ) белгілері бар. Айта кетуіміз керек, аутизм – бұл ауру емес. Аутизм спектрі бұзылған балалардың әлеуметтік дағдыларын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін дамыту және оқыту бағдарламалары арқылы түзетуге болады.
Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында аутизм спектрі бұзылған 210 бала, атипті аутизмі бар 340-қа жуық бала және Аспергер синдромы бар үш бала тұрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шара нәтижелі өтті. Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен жұмысты ұйымдастыру, бастапқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) деңгейіндегі балалардағы психофизикалық скринингтер, АСБ балалармен психикалық денсаулық орталығының (ПДО) жұмысы, амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейдегі мәселелер қаралды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар барлық мүдделі ведомстволардың ынтымақтастығын жақсарту және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.
Мамандар аутистік спектрдің бұзылуының алғашқы белгілерін есте сақтау маңызды екенін ескертеді:
- көзге тіке қарамау, есімін атаған кезде, жауап бермеу;
- қимылдарды шектеулі қолдану, демонстрациялық қимылдың болмауы;
- сөйлемеу және дыбыс шығармау;
- құрдастарымен бірлескен ойындарға деген қызығушылықтың төмендігі;
- заттарды бір қатарға жинауға деген ұмтылыс;
- қажетсіз мінез-құлық көрсету: агрессия, өзіне-өзі қарсы шығу, өтініштерді орындамау;
- дыбыстарға жоғары сезімталдық.