KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Өскемендегі емхана балалар үшін арнайы акция өткізеді

шартты сурет

25.04.2023, 09:00 235 Оразай Жеңісұлы

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні аясында Өскемен қаласының №1 емханасында бүгін Ашық есік күні болады.

Дәрігерлер үшке толмаған баласы бар ата-аналарды скринингке шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар бұл акцияны өткізу арқылы балалардың бойындағы аутистикалық белгілерді ерте анықтауды мақсат етеді.

Кішкентай пациенттерді емхана дәрігерлері тексереді, ал «Асыл мирас» аутизм орталығының мамандары скринингтік тексеру жүргізеді.

«Асыл мирас» орталығында қабылдау сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін болады. Мекенжайы: Потанин көшесі, 4. Анықтама телефондары: 8 (7232) 48-91-57, 8 -778-003-71-43.

№2 емханадағы қабылдау да сағат 9.00-12.00 аралығында 208 кабинетте болады. Мекенжайы: Буров көшесі, 61. Анықтама телефондары: 8(7232) 48-91-55, 8 -778-003-10-49.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив