KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, ОШ
459.6 493.06 5.38

Алтайдың саф өнімдері саудаланды

4.05.2024, 12:42 119 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскемендегі «ТНП» дүкенінің аумағында сенбілік жәрмеңке өтті. Бұл жолы облыс орталығына Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандарынан арзан әрі сапалы өнім жеткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеден әдетте табыла бермейтін табиғи өнімдерді сатып алуға мүмкіндік мол. Бүгін қала жұртшылығы Катонқарағайдың балы мен балқарағайын, қымызы мен қарағай шайырын  және Алтайдың аршасын жапатармағай сатып алды. Сонымен қатар сүт және ет өнімдерінің түр-түрі төмен бағамен саудаланды.

– Жәрмеңкеге табиғи өнімдерді молынан әкелдік. Екі тоннадан астам жылқы еті, екі жарым тонна сиыр еті, жарты тонна қой еті сатылымда. Сондай-ақ күнбағыс майы, сүт өнімдері мен көкөністер саудаланып жатыр. Катонқарағайдың брендіне айналған бал мен қымызға сұраныс өте жоғары, – дейді Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Төлебаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив