KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО шаруалары ұсынған өнімдерді астаналықтар бірден сатып алды

28.09.2020, 04:05 205

Елордада Шығыс Қазақстанның жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге келушілер шығысқазақстандықтардың сауда сөрелеріндегі азық-түлікті бірден сатып алды.

Ақмола облысындағы әріптестерімен бірге сауда алаңын бөліскен ШҚО шаруалары астанаға 297 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. Оның жалпы құны 224 млн.теңге. Жәрмеңке барысында 150 тонна картоп, 40 тонна жылқы еті, 45 тонна бал, 15 тонна сүт өнімдері мен 10 тонна өсімдік майы, сондай-ақ 8 тонна қымызбен ұлттық тағамдар, 5 тонна балық, 2,5 тонна шұжық, 1,5 тонна жарма саудаланды.

Экологиялық жағынан сапалы өнімдер нарық бағасынан 10-15% әлдеқайда арзанға саудаланды.

"Барлық тауардың сертификаты бар. Ветеринарлық бақылаудан өткізілген", - деді азық-түлік қауіпсіздігі, тамақ және өңдеу өнеркәсібі бөлімі басшысының м.а. Жанар Абдилдинова. Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының пайда болуына байланысты Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге тауық еті апарылмады. "Жәрмеңкеге біздің облыстан 2 қала мен 15 аудан қатысты. Өңдеу өнеркәсіптері мен шаруа қожалықтары 15 түрлі өнім ұсынды. Астаналықтар, көбінесе бал мен майды, ет пен сүт өнімдерін сатып алды", - деді Жанар Абдилдинова.

Көптеген шаруалар түске дейін азық-түліктерін саудалап үлгерді. Әсіресе, сауда сөрелеріндегі күнбағыс майы тұтынушылар арасында сұранысқа ие болды. 5 литрлік күнбағыс майы 3 сағаттың ішінде саудаланып кетті.

Елорданың тұрғыны Динара Сүлейменова жәрмеңкеде табиғи және сапалы өнімдер сатылып жатқанын атап өтті.

"Тиімді бағадағы тауарларды сатып алғаныма қуаныштымын. Шығыс Қазақстанның жәрмеңкесінен бал алдым. Маған "Багратион-Ұлан" мен "Эмиль" компанияларының өнімдері ұнайды", - деді елорда тұрғыны.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу