«Таза Қазақстан»: Глубокое жастары жарысқа түсті
Глубокое ауданының орталығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза жағалау» жастар акциясы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Акцияның мақсаты – қоршаған ортанының ластануы мәселесін көтеріп, жастарды осы мәселені шешуге жұмылдыру. Акцияға үш команда қатысып, Ертіс өзенінің Киргородок шағын ауданына жақын жағалауын тазартты», - дейді ұйымдастырушылар.
Тазалық жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Өйткені жастар қоқысты жарыса жүріп жинады. Ең көп қоқыс жинаған жеңімпаз командаларға сыйақы берілді. Бірінші орынға – 80 000 теңге, екінші орынға – 60 000, үшінші орынға – 40 000. Сондай-ақ барлық командаға алғыс хат табысталды.
Оқи отырыңыз