KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
499.04 544.45 5.96

Қатерлі ісікті ерте анықтау көрсеткіші өсті – Ұлан ауданы

13.05.2024, 09:55 136 Айна Ескенқызы

Ұлан ауданында қатерлі ісікті ерте анықтау көрсеткіші  артып келеді. Тіркелген обыр диагнозының  35 пайызы ерте сатысында анықталып отыр. Тұрғындардың басым бөлігі жатыр мойны қатерлі ісігі мен сүт безі қатерлі ісігін ертерек анықтауға арналған скринингтен өткен. 

Дегенмен мамандар колоректальды қатерлі ісігі скринингін жүргізу бойынша жұмысты ширата түсу керектігін айтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары Ұлан ауданында онкологиялық қызметтің жай-күйіне мониторинг жүргізген болатын.

Орталықтың мониторинг және бағалау тобы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын жақсарту мақсатында тұрақты негізде МСАК ұйымдарына консультациялық және практикалық көмек көрсететінін айта кеткен жөн. Сапар барысында мамандар тексеру кабинеттерінің жұмысын және онкоскринингтер өткізу сапасын талдап, «Жасыл дәліз» жүйесінің қалай іске асырылып жатқанын тексерді, онкологиялық сақтық  мәселесі бойынша МСАК мамандарына оқыту жүргізді, сондай-ақ пациенттерді қабылдады.

2024 жылдың үш айында ауданда қатерлі ісіктердің 24 жаңа жағдайы тіркелген. 426 науқас диспансерлік есепте тұр. Ауру құрылымында бірінші орынды өкпе қатерлі ісігі, екінші орынды ұйқы безі қатерлі ісігі, үшінші орынды сүт безі қатерлі ісігі алады.

– Кадрлардың тапшылығы мен тұрақсыздығы – Ұлан ауданы онкологиялық қызметінің басты проблемаларының бірі. МСАК ұйымдарында терапевтер, жалпы практика дәрігерлері және орта медициналық персонал жетіспейді. Сондай-ақ, мониторингтік топ мүшелері скрининг пен кәсіби тексеруден өту мәселелері бойынша халықпен ақпараттық жұмыстың әлсіздігін анықтады.  Жұмыс қорытындысы бойынша онкологиялық орталық мамандары тиісті ұсыныстар берді, – деп атап өтті ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу