ШҚО онкологтары Ұлан ауданына барады
![](/kz/uploads/posts/2024-05/photo1714924354.webp)
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығынан
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары ертең Ұлан ауданының тұрғындарын қабылдайды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
Сапар барысында онкологтар аудандағы тексеру кабинеттерінің жұмысын, онкоскринингтерді жүргізуді, «Жасыл дәлізді» іске асыруды талдайды, сондай-ақ ауданда онкологиялық қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша бағалау мен ұсынымдар береді.
Сонымен қатар, онкологиялық орталықтың мамандары пациенттерді қабылдайды, онкологиялық сақтық және қатерлі ісіктердің алдын алу мәселелері бойынша қажетті кеңес береді.
Оқи отырыңыз