KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Онкология орталығының мамандары Риддерге барды

6.05.2024, 21:21 142 Айна Ескенқызы

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары онкологиялық қызметтің жай-күйіне мониторинг жүргізу және бағалау мақсатында  Риддерге барды.  Сапар барысында    орта буын медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ дәрігерлердің, атап айтқанда бейінді мамандар мен терапевттердің тапшылығы анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-2024 жылдың үш айында Риддерде қатерлі ісіктің 41 жаңа жағдайы анықталды. Ауру құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі, екінші орында колоректальды қатерлі ісік және үшінші орында бүйрек қатерлі ісігі тұр. Өткен жылмен салыстырғанда қалада онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау көрсеткіші екі есе өсті. Онкологиялық аурулардың 40% - дан астамы ерте сатысында анықталады. Қатерлі ісіктің өсу жағдайларының саны айтарлықтай төмендеді, - деді онкоорталықтың баспасөз қызметінде.

Мониторинг және бағалау тобы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын жақсарту мақсатында тұрақты негізде МСАК ұйымдарына консультациялық және практикалық көмек көрсетеді. Сапар барысында мамандар тексеру кабинеттерінің жұмысын және онкоскринингтер өткізу сапасын талдап, «Жасыл дәліз» жүйесінің қалай іске асырылып жатқанын тексерді, онконастрия мәселесі бойынша МСАК мамандарына оқыту жүргізді, сондай-ақ пациенттерді тексерді.

Мониторинг барысында онкологиялық орталықтың мамандары тіркеу бөлімі қызметкерлері мен  тексеру кабинеттерінің фельдшерлері және терапевттер арасында өзара іс-қимыл дұрыс реттелмегендігін атап өтті. Нәтижесінде кейбір пациенттер дәрігерге тексеру кабинетін айналып өтіп барады, соның кесірінен көзбен қолжетімді локализацияларда онкопатологиялардың бар-жоғына тексерілмейді.  Сондай-ақ орта буын медицина қызметкерлерінің, бейінді мамандар мен терапевттердің тапшылығы анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу