Қазақстанда жыл басынан бері 8,8 мың отбасы ажырасқан
Фото: depositphotos.com
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, соңғы үш айда неке қиған жас отбасылар көп. Олардың саны 26 мыңнан асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ведомство дерегінше, қаңтардан бері Қазақстанда адам саны 62 мыңға көбейіп, 20 миллионнан асты.
Оның ішінде 12 жарым миллионы – қала тұрғыны, ал 7 жарым миллионы – ауыл халқы.
Биыл 91 мың сәби дүниеге келсе, 33 мың адам қайтыс болған.
Туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Одан кейін Түркістан мен Шымкент қаласында туылған бала көп.
Жыл басынан бері 26,7 мың адам шаңырақ көтерсе, 8,8 мың отбасы ажырасқан.
Елдегі ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады.
Өкінішке қарай, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында тұр.