KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда ажырасу саны азайды

15.04.2019, 10:43 307

Елімізде ажырасу саны азайды. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында  ажырасқандардың саны өткен жылмен салыстырғанда  4,2%-ға азайыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жыл басынан бері ажырасқандардың саны 8884 адамды құрап отыр. Өткен жылдың дәл осы уақыт аралығында елімізде 9277 ажырасу тіркелген екен.

Бұл жақсы жаңалық. Дегенмен, биыл некеге тұрғандардың да саны 3,3%-ға азайған. Биыл жыл басынан бері 17 422 отбасы құрылған. Былтыр некелескен жұптардың саны  – 18 015.

Одан бөлек, дүниеге келген сәбилердің де саны 1,5%-ға азайыпты – 62097 адам. Керісінше, дүниеден озғандардың саны артып отыр – 23170 адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу