KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность Штиль
521.53 601.01 6.43

ШҚО-да неке және ажырасу көрсеткіштері қандай?

23.11.2019, 09:47 339

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 104 мың неке тіркелген. Бұл көрсеткіш бір жылда 2%-ға көбейіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Ranking сарапшылары мәлімдеді. Ажырасу көрсеткіші биыл да артып отыр. 45,2 мың жұп ажырасқан, бұл былтырғыдан 9,2% көп. Сарапшылардың айтуынша, осы уақыта дейін неке саны жылдан жылға азайып, ажырасушылар саны ғана көбейіп келген екен.

Қалаларда неке саны 73,2 мыңға немесе 3,1% артқан. Ауылдарда 30,8 мыңға, яғни 0,5% азайған. Ал ажырасу саны қалаларда 33,1 мыңға яки 6,7%, ауылдарда 12,1 мыңға немесе 17% көбейген.

Ranking деректеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 7,2 мың неке тіркелсе, 3,6 мың жұп ажырасқан екен.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу