KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
474.57 513.63 5.53

Бір жылда елдегі халық саны қаншаға өсті?

pixabay.com

10.02.2024, 12:00 130 Назерке Каримова

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 033 546 адамды құрады.

Олардың ішінде: қала халқы – 12 451 004 адам; ауыл халқы – 7 582 542 адам, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп.

12 ай ішіндегі халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады.

- 2023 жылы Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. - 403,5 мың сәби), оның 200,3 мыңы - ұл, 187,6 мыңы - қыз. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 19,50 құрады, - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросының. - 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елге келгендер саны 25,3 мың адамды, елден кеткендер саны 16 мың адамды құрады.


Көші-қон сальдосы оң + 9344 адам. Айта кетейік, былтыр 2011 жылдан бері алғаш рет оң көші-қон сальдосы байқалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив