ШҚО-да зиянкестермен күреске дайындық басталды
Биыл жазда Шығыс Қазақстан облысы аумағында зиянкестермен күреске 66,2 млн қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражат облыстық бюджеттен қарастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ облыстық филиалы мамандарының алдын ала жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, биыл 32,8 мың га аумақта аса қауіпті зиянкестер мен өсімдік аурулары таралуы мүмкін.
Айта кетелік, биыл химиялық залалсыздандыру жұмыстарына бір жеңіл ұшақ пен алты жергілікті бүріккіш жұмылдырылмақ. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, химиялық залалсыздандыруға қажетті пестицидтерді облысқа мамыр айының соңына дейін жеткізу көзделген.