KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Шегірткемен шайқас: ШҚО-да өңдеу жұмыстары басталды

Фото: еgemen.kz

12.07.2023, 17:22 275 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның ауылдарында аумақтарды аса қауіпті зиянкестерден өңдеу бойынша бірқатар іс-шара атқарылып жатыр.

Итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары Күршім ауданында жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, шегірткелердің одан әрі таралуына жол бермеу үшін арнайы техникалар қолданылады (желдеткіш бүріккіштер және аса жеңіл авиация). Қазірдің өзінде өңдеу жұмыстарының жалпы алаңы 6,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде Абай, Қалжыр, Құйған, Күршім, Сарыөлең және Марқакөл ауылдық округтерінде жүргізіліп отыр.

Шегірткелердің түрі мен таралу аймағын нақты анықтау үшін Төсқайың ауылына мобильді топ шықты, оның құрамына "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ филиалының, ҚР АШМ АӨК облыстық аумақтық инспекциясының және Күршім ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары кірді. Өңдеуге жататын түрлер құрамы мен алаңдар анықталғаннан кейін облыстық бюджет есебінен жою шаралары жүргізілетін болады.

Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы алаңдауға негіз жоқ екенін хабарлады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив