KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Шалғай ауылдарда медициналық виртуалды кабинеттер ашылады

Фото: Shutterstock.com

17.05.2024, 15:09 157 Айжанат Бақытқызы

Шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін виртуалды медициналық кабинеттер ашылады. Яғни тұрғындар  ауылдан шықпай-ақ бейінді мамандардан консультация алып, диагностика жасата алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегінше, пациент өзінің фельдшерлік-амбулаториялық пунктіне жүгінеді, мұнда фельдшер алғашқы тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда оны телемедициналық желі арқылы бейінді маманға қосады.

«Виртуалды кабинеттерді» енгізу алдымен өңірлерде тестілеуден өтеді, содан кейін осы жаңалықты жаппай енгізу туралы шешім қабылданады», - делінген ведомство хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу