Портативті ультрадыбыстық диагностика аппараттары Қазақстанда өндірілмек
фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгін Астанада Philips компаниясының портативті ультрадыбыстық диагностика аппараттарының жергілікті өндірісін құру жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, медициналық мекемелердің қабырғасынан тыс УЗ-жүйелерді қолдану пациенттерге сапалы медициналық диагностиканы жедел жүргізуге және нақты уақыт режимінде телемедициналық консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.
Тараптар осындай озық медициналық технологияларды дамыту шалғай аудандар мен ауылдардың тұрғындарына, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуде ерекше маңызды екенін атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.