KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскемен гарнизонында азаматтардың әскери даярлығы пысықталады

22.05.2024, 21:10 161 Ынтымақ Толқын

Өскемен гарнизонында азаматтардың әскери даярлығы пысықталып жатыр. Бұл жолы оқу-жаттығуға Алтай ауданынан 70 адам келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің полигонында өтіп жатқан әскери жиын он күнге созылады. Басты мақсат – әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығын арттыру.

– Жауынгерлік даярлық жоспары негізінде Алтай ауданың әскери міндеттілері үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Азаматтар полигондағы шатырлы қалашыққа орналасты. Жиынға қатысушылар жергілікті органдардың қаражаты есебінен тамақ және заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі,» - деді ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Мейрам Сейлғазинов.

Жиынға шақырылған азаматтар бұған дейін әскери борышын өтеген.

– Он күн ішінде мерзімді әскери қызметте үйренгенімізді қайталап, еске түсіреміз. Киім-кешек және керек-жарақ заттарды алдық, – деді алтайлық азамат Дархан Заманбеков.

Әскери қайта даярлау жиыны бірнеше кезеңнен тұрады. Оқу соныңда бағдарламаны сәтті аяқтаған азаматтарға әскери атақ беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу