ШҚО: Сарбаздар жауынгерлік тумен қоштасты
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде жауынгерлік тумен қоштасудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл күні әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген 400-ден астам сарбаз 365 күн өмір сүрген әскери бөліммен қоштасты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еліміздің әр өңірінен жиналған сарбаздар бір жыл бойы әскери мамандықты игеріп, жауынгерлік даярлықтан өтті, оқу-жаттығуларға қатысып, қару түрлерін ату дағдыларын игерді.
Сарбаздардың мәңгілік есінде сақталатын айтулы күнмен Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімінің басшылығы құттықтап, сәттілік тіледі.
Жауынгерлік дәстүрге сәйкес сарбаздар сап алдына шығарылды. Қызметтік борышын өтеу кезінде ерекше көзге түскен үздік жауынгерлерге мақтау қағазы мен тілек жазылған естелік фото суреттері табысталды. Сонымен қатар, саптағы сарбаздардың ата-аналарының мекенжайына бөлім басшылығы атынан алғыс хаттар жолданды.
Биыл мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздардың қатарында өз еркімен келісімшарт бойынша әскери қызметте қалғандар да бар.