KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

ШҚО-да командирлердің жауынгерлік шеберлігі сыналды

Фото: inform.kz

17.06.2023, 10:35 272 Ләззат Қанатқызы

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы Семей, Өскемен, Павлодар және Курчатов қалаларындағы әскери қызметшілердің қатысуымен оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты - бірнеше өңірден келген әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінің базасында атыс қаруларынан нысанаға атудан мергендіктерін көрсетіп, жауынгерлік машиналарды жүргізу және БТР-80 әскери техникасымен кедергілер арқылы жүру сынды практикалық сабақтарын ұйымдастырғанбыз, - дейді 5511 әскери бөлімінің командирі подполковник Айбек Исенов.

Жиынға қатысушылар мұндай шаралардың әскери дағдыларды шыңдауға тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті.

- Біз бүгін күнделікті қызметімізге пайдасын тигізетін тәжірибемен алмастық. Осындай жиындар арқылы жедел шешім қабылдау және командада үйлесімді жұмыс істеу қабілеттерін шыңдай аламыз, - дейді 5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Медет Ертайлақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив