KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

«Талдықорған-Өскемен» жолына 638 мың тонна асфальт төселеді

Фото: Редакция архивінен

28.05.2024, 16:19 144 Айжанат Бақытқызы

Биыл «Талдықорған-Өскемен» жолын қайта жаңарту үшін 638 мың тонна асфальтбетон пайдалану көзделіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ведомство осы жылғы жол-құрылыс маусымында республикалық жолдарға 7 млн тонна асфальт төсеп, рекордтық 12 мың шақырым автожолды қамтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, республикалық желідегі 5,3 мың км жолды және жергілікті маңызы бар 4,2 мың км жолды жөндеу, салу және жаңарту жалғасады.

Сонымен қатар, Көлік министрлігі құрылысты күшейте отырып, жолдарды орташа жөндеу бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асыруда, жол салынғаннан бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарға басымдық беріледі. Бұл - республика бойынша 2,5 мың км қосымша көлік қатынасы.

Өскемен мен Семей қалаларын жалғайтын автожол орташа жөндеумен қамтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу