KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
517.66 606.49 6.44

Олимпиада резерві мектептері өткізіледі – ШҚО

фото: depositphotos.com

29.05.2024, 11:16 258 Айжанат Бақытқызы

Биылғы оқу жылында өңіріміздің дарынды оқушылары 133 медаль жеңіп алды, оның 32-алтын, 34-күміс, 67-қола, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісі барысында білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева мәлімдеді.

Еске салсақ, облыстық құрама жаратылыстану-математикалық цикл бойынша ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасында жалпы командалық 1-орынға ие болып, «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған болатын.

Ал жалпы білім беретін жаратылыстану-математика пәндері бойынша республикалық олимпиадада облыс оқушылары «Үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясы бойынша жалпы командалық ІІІ орынды жеңіп алды.

- Мектеп оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жазғы уақытта интеллектуалды олимпиада қатысушылары мен жеңімпаздарына олимпиада резерві мектептері өткізілетін болады, - деді білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу