KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Өңірдің үздік оқушыларын бір жерге жинаған форум – ШҚО

Фото: gov.kz

8.06.2023, 09:44 253

7 маусымда ШҚО-ның дарынды оқушыларын бір жерге жинаған «Ең үздік» атты форум өтті.

Биылғы оқу жылында облыс оқушыларының командасы маңызды халықаралық және республикалық сайыстардан 118 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңір оқушылары жеңіп алған жүлделердің арасында 24 алтын, 49 күміс, 35 қола медаль бар.

Форум 2022-2023 оқу жылының қорытындысын шығару әрі оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды оқушыларды марапаттау, оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу және қалыптастыру, өңірдің дарынды балаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Жиынға халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Қатысушылар  ҚР Ұлттық зияткерлік құрама командасының қатарында халықаралық маңызды олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған.

Форумға қатысушыларға грамоталар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив