KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Жаңа 10 мың теңгелік банкнота айналымға шығады

Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

31.05.2024, 19:11 70 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылғы 28 маусымда жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясынан екінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Банкноталар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.

Банкноталардың түсі – күлгін-көк.

Жаңа банкноталар 2024 жылғы 28 маусымнан бастап айналымға енеді және айналымда жүрген ескі банкноталармен екі жыл бойы ауыстырылады, яғни, айналымнан біртіндеп алынады.

Ұлттық банк филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.

«Жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі (2012 жылғы)  банкноталар айналымда қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды атаулы құнына қарай қабылдауға міндетті екенін атап өтеміз. Олар еліміздегі ҚҰБ, Қазпошта және екінші деңгейлі банктердің барлық филиалында, сондай-ақ Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады»,-деп хабарлады Ұлттық банк.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив