KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

200 теңгелік банкноттар енді шығарылмайды

Фото: kapital.kz

9.01.2024, 19:13 257 Ынтымақ Толқын

Елімізде 200 теңгелік банкноттар енді айналымға шықпайды.

 

Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ұлттық банк 200 теңгелік банкноттардың айналымнан шығуына байланысты пікір білдірді. Айтуларынша, ол банкноттар енді шығарылмайды.

- Номиналы 200 теңге болатын банкноттар мәселесі бойынша, Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналды құны 200 теңге болатын монеталарды айналымға шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық банк бұдан былай номиналы 200 теңге болатын жаңа банкноттар жасамайды. Айналыстағы осы номиналдағы банкноттар бойынша мерзім белгіленбеген және олар табиғи тозуына қарай алынып, номиналы 200 теңге монеталармен ауыстырылады, - делінген Ұлттық банктің ресми сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк жаңа номиналды банкноттар мен монеталарды айналысқа шығару жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив