KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Ұлттық банк ескі ақшаларды кез келген уақытта қабылдай береді

Қазақстан Ұлттық Банкі

2.03.2024, 18:00 171 Назерке Каримова

Елде жаңа «Сақ стилі» сериясының банкноталары бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға шығады.

Ескі және жаңа банкноталар 1 жыл бойы айналымда қатар жүреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкі ақпаратына сүйеніп.

- Айналымда параллель жүретін кезең аяқталған соң барлық банк пен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноталарды тағы 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайтын болады. Ал Ұлттық Банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды мерзімсіз қабылдай береді, - деп ескертеді Ұлттық банк.


Естеріңізге сала кетейік, «Сақ стилі» жаңа сериясымен жаңартылған номиналы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға 2023 жылы 25 желтоқсанда шығарылды. Ал 2024 жылдың жаз мезгілінде номиналы 10 000 теңгелік банкноталар шыға бастайды.

Номиналы 5 000 теңгелік банкноталар 2024 жылдың наурыз айында жаппай айналымға түседі, себебі тиісті жабдықтарды (банкомат, терминал және т.б.) бейімдеп, елдің барлық өңіріне жеткізу үшін белгілі бір уақыт қажет.

Жалпы, осы серия аясында 2025 жылдың соңына дейін жаңа сериядағы банкноталардың барлық номиналдарын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 12 маусымынан бастап Қазақстанда 2006 жылдан бастап және одан кейін шығарылған барлық банкноталарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңі жұмыс істейді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу