KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері тағайындалды

Фото: РФО

3.06.2024, 17:09 128 Анель Слямғазықызы

Ресейлік маман Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше Станислав Черчесов Астанаға келіп, келісімшартқа қол қойды. Әзірге қанша жыл көлемінде жұмыс жасайтыны белгісіз.

60 жастағы ресейлік маман 2023 жылдың шілдесіне дейін  Венгрияның "Ференцварош" клубымен жұмыс жасаған. Оған дейін Станислав Черчесов Ресей құрамасын басқарған.

Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден)  клубтарында ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) Польшаның «Легиясы» сынды командаларда жұмыс істеген. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Арменияға (7 маусым) және Әзірбайжанға (11 маусым) қарсы жолдастық матч өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив