«Астана» клубына жаңа бапкер келді
Чехиялық маман Михаил Билек «Астана» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Теңбіл доп жанкүйерлеріне мәлім, Михал Билек Романа Григорчуктың орнына келді.
Григорчуктың кезінде «Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті. Сондай-ақ алтыншы рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды.
Ал Билек Қазақстанға келгенге дейін бірнеше клубпен жұмыс істеген. Мәселен Чехия құрамасын және грузиялық «Динамо» клубын басқарды. Сондай-ақ оның басшылығымен прагалық «Спарта» 2007 жылы алтын дубль жасады. Ал 2003 жылы Билек бастаған Чехия жасөспірімдер құрамасы (19 жасқа дейін) Еурода үшінші орынға қол жеткізді.