KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Достық үйлерінің керегесі кеңейеді – ШҚО

Фото: Махаббат Ахметжанова

4.06.2024, 18:52 169 Ләззат Қанатқызы

Достық үйлерінің жанынан құрылған «Кел, сөйлесейік!» клубтары кеңейтіледі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік сессиясында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

– Бүгінде өңірде сегіз Достық үйі жұмыс істеп тұр. Соның аясында «Кел, сөйлесейік» атты ауызекі қазақ тілін үйрететін клубтар ашылып, мемлекеттік қызметшілер оқытылып жатыр. Биыл мемлекеттік қызметкерлер түгел аталмыш курспен қамтылады деген жоспар бар, – деді облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков.

Өңір басшысы мұндай курстардың ауқымын кеңейтіп, білім беру үдерісіне енгізу керектігін атап өтті.

– Бүгінде Достық үйі Ассамблеяның ғана емес, түрлі этнос өкілдерінің, жастардың ауқымды бастамаларын жүзеге асыратын сенімді орынға айналды. Мемлекеттік қызметкерлердің ана тілін үйренгенін толық қолдаймын. 1 қарашаған дейін курстарды Достық үйлерінің базасында ғана емес, білім беру үрдісіне де енгізуді тапсырамын. Қалалар мен аудандардың әкімдері  осы жұмысты ұйымдастыруға көмектессін. Сондай-ақ жыл соңына дейін барлық қалалық және аудандық Достық үйлерін қажетті штатпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, ішкі саясат басқармасына облыстық Достық үйінің базасында комьюнити орталық ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында еліміздегі Достық үйлерінің жұмысын жетілдіру керектігін мәлімдеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив