ШҚО прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды
Өскемен қаласының прокуроры Ерлан Бұланбаев Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ерлан Маратұлы Бұланбаев «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, еңбек жолын 2004 жылы бастаған.
Әр жылдары Күршім, Алтай аудандарының прокуратурасында, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасында, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінде, Астана және Өскемен прокуратураларында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2019 жылдан Ұлан ауданының прокуроры, 2021 жылдан Өскемен қаласының прокуроры болып еңбек еткен.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жыл, шені - әділет аға кеңесшісі.