Бүгін Шығыста найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін
Фото: depositphotos.com
«Қазгидромет» ақпараты бойынша, 10 маусым күні күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.
Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.
Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД ескертеді: найзағай кезінде үйде немесе ғимарат ішінде болған абзал, сондай-ақ есік-терезелерді, мұржаны жауып, электр құрылғыларын өшіріп, пайдаланбай қоя тұру керек.