KZ
Өскемен
-9°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Ертең ШҚО-да найзағай ойнап, жел соғады

pixabay.com

28.04.2024, 20:00 454 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 29 сәуірде күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік шараларын еске салады:

- найзағай ойнағанда үйден шықпаған жөн

- электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз

- егер көшеде болсаңыз, металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз

- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз

- жолдарда абай болыңыз: жылдамдық пен қашықтықты сақтаңыз

Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу