Полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ мас қызды тоқтатты
Фото: depositphotos.com
Өскемен қаласында 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Облыс орталығының бір көшесінде полицейлер «Honda» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде 25 жастағы қыздың былтыр сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сондай-ақ ол қыздың көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Полиция қызметкерлері көлікті мамандандырылған тұраққа қойды», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Қазір осы факт бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде көлік құралын басқаруы» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыс полицейлері 600-ден астам мас жүргізушіні анықтаған.
Оқи отырыңыз
Көлік жүргізу құқығынан айырылған семейлік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталдыМасаң күйде көлік тізгіндеген ер адам ұсталды – ШҚОӨскемен тұрғыны жүргізуші құқығынан айырыла тұра, мас күйде көлік басқарған Екінші рет мас. Аягөз тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкінКөлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші жолда тоқтатылды – ШҚО