KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Масаң күйде көлік тізгіндеген ер адам ұсталды – ШҚО

Фото: jambylinfo.kz

10.01.2024, 15:09 80 ALTAINEWS

ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам масаң күйде көлік тізгіндеген.

Өскемен көшелерінің бірін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің мас күйде екендігі және бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Бірақ соған қарамастан, ол қайтадан көлік тізгіндеген.

Қазіргі уақытта құқық бұзушының көлігі мамандандырылған тұраққа қойылды, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив