KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Оқушылардың әр күні әсерлі өтіп жатыр

13.06.2024, 09:11 102 Қызырбек Дүргінбайұлы

Балалардың жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізудің маңызы зор. Әрбір бала ойынын қандыра жүріп білімін де жетілдіруі керек. Бұл тұрғыдан алғанда облыстық  балалар және жасөспірімдер кітапханасы жанынан құрылған үйірмелердің бүлдіршіндерге үйретері көп.

Кітапхана қызметкерлері қызықты шаралар өткізе отырып, балаларды кітап оқуға баулуда. Балалар үшін  жазғы демалыстың орны қашанда ерекше екені баршамызға мәлім. Сондықтан да балаларын демалыс уақытында әредік кітапханаға апарған әрбір ата-ананың ұтары көп болмақ. Өйткені рухани шаңырақта өтіп жатқан қызықты шаралар да, жазғы маусымда жұмыс істеп тұрған үйірмелер де көп.

– Жарқын көңіл күй мен ғажап әсерге толы шаралар легі 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен басталып кетті. «Елдің сәні – ерке балғындар!» атты күлкі-тайм шарасында көңілді кейіпкерлер балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Аталмыш мерекеге арналған  салтанатты шараға қатысып, кітапханашылар   ұсынған тәттілерді қабыл алған бүлдіршіндердің жүзі балбұл жайнады. Жалпы кітапханадағы әр күніміз бірін-бірі қайталамайтын ерекше шараларға толы. Оқырмандар үшін «Бой жазайық, кел, ойнайық», «Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз» эстафеталық жарыстар, «Шытырман әлемінде» ойын-саяхат, «Болашақ біздің қолымызда» спорттық тренинг, «Book-микс» ойындар аумағы, «Біл, үйрен, көрсет» әндер марафоны атты шараларды өткізіп жатырмыз, – дейді облыстық  балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Ақерке Досанова.

  Сонымен қатар бүлдіршіндердің білімін дамытуға ықпал ететін «Қызыл, сары, жасыл» білгірлер сайысы, «Кітап патшалығы» әдеби викториналар, «Ерте, ерте, ертеде...» кітап жәрмеңкесі, «Тауып көр...» әдеби квест, «Алтын қамба – алтын уақыт»  әдеби викторина сайысы қатарлы шаралар легі де балаларға қуаныш сыйлаған.

 – Кітапхана жанынан құрылған үйірмелер жазғы маусымда да өз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Атап айтсақ, «Bastaý» қазақ тілі үйірмесі, «Чудо-детки» балаларды дамыту студиясы, «Play and learn English» ағылшын тілі үйірмесі, «Kids reading» жексенбілік мектебі,  «Сиқырлы бояулар» сурет үйрмесі, «Керім-Ай» би үйірмесі бүлдіршіндердің қызығушылығын тудыруда. Сондай-ақ әр шарада кітапхана психологы  қызықты тренингтер өткізіп, өз оқырмандарына қажетті ақпаратты береді, –  дейді кітапхана қызметкері Ақерке Досанова.

    Ақпарат пен технологияның дамыған заманында баланы кітап оқуға баулып қана қоймай, бала тәрбиесіне  атсалысып отырған мекемелердің ішінде кітапхананың  алатын  орны ерекше. Осы қатарда Өскемен шаһарындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының  өз оқырмандарына берері  мол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив