KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
525.11 546.74 4.88

Балалар жазды "Патшалар жазығында" өткізеді — ШҚО

8.06.2024, 09:11 188 Айжанат Бақытқызы

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Төменгі Тайынты ауылының маңындағы табиғаты керемет жерде орналасқан “Үміт” балаларды қолдау орталығының “Патшалар жазығы” лагерь маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

“Үміт” балаларды қолдау орталығы директорының орынбасары Гүлжан Салықбаеваның айтуынша, жазғы сауықтыру лагерінде орталықтағы жүзден астам бала үш ай бойы тынығады. Осы жылы жоспар бойынша балаларға не қызықты, сол іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, лагерь аумағында бассейн, футбол алаңы, волейбол, баскетбол, шахмат, стол теннисі орнатылған. Одан бөлек кешкі алау, би кештері өтеді.

Әзірге орталықтың 9-11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан және ҰБТ тапсыруда. Ал қалған балалар үшін лагерьдегі көңілді демалыс басталып кетті.

“Міне, жадыраған жазбен бірге балалар асыға күткен лагерь маусымы да басталды. Қала сыртындағы бұл демалыс орнында балалардың денсаулығын нығайту үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Мұнда балалардың бірі шығармашылықпен айналысса, енді бірі спортпен, табиғат аясында сурет салумен немесе кітап оқумен шұғылданады. Лагерьдегі жазғы демалыстарың қызықты өтіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйласын”, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

                                                                  

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу