Жазғы сауықтыру лагері ашылды — ШҚО
Фото: Getty Images/Moment RF
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Төменгі Тайынты ауылының маңындағы табиғаты керемет жерде орналасқан “Үміт” балаларды қолдау орталығының “Патшалар жазығы” лагерь маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
“Үміт” балаларды қолдау орталығы директорының орынбасары Гүлжан Салықбаеваның айтуынша, жазғы сауықтыру лагерінде орталықтағы жүзден астам бала үш ай бойы тынығады. Осы жылы жоспар бойынша балаларға не қызықты, сол іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, лагерь аумағында бассейн, футбол алаңы, волейбол, баскетбол, шахмат, стол теннисі орнатылған. Одан бөлек кешкі алау, би кештері өтеді.
Әзірге орталықтың 9-11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан және ҰБТ тапсыруда. Ал қалған балалар үшін лагерьдегі көңілді демалыс басталып кетті.