KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 0,7 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Асаубаева шахмат фестивалінде жеңіске жетті

Спортты дамыту дирекциясы

9.03.2024, 22:00 150 Назерке Каримова

Бибісара Асаубаева Мәскеуде аяқталған «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орын алды.

Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясы ақпаратына сүйеніп.

Сонымен қатар, 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив