KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақ КСР-ның 7 дүркін чемпионы туралы кітап жарық көрді

Фото: Пушкин кітапханасынан
Фото: Пушкин кітапханасынан
21.06.2024, 15:15 123 Қызырбек Дүргінбайұлы

Катонқарағай өңірінің тумасы, 1950-1960 жылдары есімі елге кеңінен танылған, Қазақ КСР-ның 7 дүркін және Орта Азия мен Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, Ұлттық қазақша күрес түрінен  тұңғыш «Қазақ КСР-нің спорт шебері» атағын алған палуан туралы кітап оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы Пушкин атындағы кітапхана төрінде үздік төреші, тау мінезді, нар тұлғалы қазақ палуаны, жерлесіміз  Қылаң Бақыжановтың спорт және еңбек жолын баяндайтын «Қазақ күресінің саңлағы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

– Есімі еңбек және спорт әлемінде алтын әріптермен жазылып қалған, қазақ күресінің майталманы Қылаң Бақыжанов ағамызға арналған құнды естелік кітапты құрастырып, оқырман назарына ұсынып отырған Катонқарағай өлкесінің тумасы, жерлес жазушымыз Талғат Қашқынбаев. Мамандығы құрылыс саласына қатысты  болса да әртүрлі тақырыптарда өлеңдер, шағын әңгімелер жазып жүрген  Талғат Саккоұлының «Өмір жайлы ойлар»  «Тұнық бастаулар» атты кітаптары оқырман қауымға кеңінен таныс, – дейді кітапхана қызметкері Жансая Әшкенова.

Ал бұл жолы қалың қауымға жол тартқан бұл кітап қазақтың біртуар тұлғасының көпшілік біле бермейтін тұстарын кеңірек баяндайды. Облысымыздың бас кітапханасында өткен тұсаукесерге палуанның алыс-жақыннан келген туыс-туғандары мен зиялы қауым балуанның бозкілемдегі ерліктері мен адами қасиеттері жайлы өте тамаша естеліктерді айта отырып, кітаптың авторына да ерекше алғыстарын  білдірді. Өйткені қағаз бетіне түскен әрбір құнды дүниенің уақыт өткен сайын маңыздылығы арта беретіні сөзсіз. Ендігі кезекте бұл құнды еңбектің тұсау кесер рәсімі палуанның туған жері киелі Шыңғыстай өлкесінде жалғасын таппақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив