KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
442.05 474.14 4.74

Семейдегі спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілді

18.09.2019, 10:40 246

Семейдегі денешынықтыру сауықтыру кешені бүгінгі күннен бастап, даңқты спортшы, олимпияда чемпионы, грек рим күресінің чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың есімімен аталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов салтанатты шараға арнайы қатысып, қала халқын құттықтады.

- Қазақ жерінде спорт саласы әрқашан жақсы дамыған. Оған еңбек сіңіргендердің қатарында олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те бар. Семей қаласының есімі осы даңқты спортшы есімімен тығыз байланысты. Осы жерде оқыды, білім алды. Спортқа алғаш қанат қақты. Міне, бүгін ізбасарларын тәрбиелеу үшін есімімен спорт кешенін атап жатырмыз. Құтты болсын! Спортшы жастарымыздың қатары көбейе берсін,-деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің құттықтау сөзінде. 

Қосымша айта кетсек,Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров  6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысында дүниеге келген.

Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медаль иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив