Республикалық студенттік омбудсмен сайланды
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ төрағасы Ұлан Наукен республикалық студенттік омбудсмен болып сайланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлан Наукен - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ төрағасы.
Студенттік омбудсмен - студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын институт. Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамыз айынан барлық өңірде жұмыс атқаруда.
Осыған дейін республикалық студенттік омбудсмен қызметін Айсұлу Ерниязова атқарды.