KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде күндіз + 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Фото: cerkezkoytanik.com

28.06.2024, 10:10 58 Айжанат Бақытқызы

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 28 маусымда облыс бойынша солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-20 м/с болады деп күтілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскеменде күндіз + 36 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

«Тұрғындар сақтық шараларын сақтауы керек: мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық уақыт сағат 11-ден 17-ге дейін, көшеде баяу жүріңіз, көлеңкеде жүруге тырысыңыз, алкогольдік ішімдіктерді ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайының нашарлауына әкеледі. Өрт қаупі жоғары болған жағдайда табиғатта және жеке учаскелерде от жағуға тыйым салынады, отпен абай болыңыз»,- деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив